Фото: Азаматтық авиация комитеті

Алматыда Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі келіссөз жүргізді. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесті.

Келіссөз нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.

Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Келіссөз барысында бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеу алынып тасталды, бұл бәсекені арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!