Биыл 5547 әскери бөлімінің құрылғанына 16 жыл толып отыр. Бұл – Отан қорғау жолындағы табанды еңбек пен айбынды тарихтың бір белесі. Бөлім құрылғалы бері тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындааянбай еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында 5547 әскери бөлім ел қорғанысын нығайтуда, жас сарбаздарды тәрбиелеуде және әскери міндетті абыроймен атқаруда үлкен жетістікке жетті.

Осыған орай бөлімде үлкен мереке ұйымдастырылды. Бұл – әскери бөлімнің тарихына тағзым жасап, жетістіктерін атап өтуге арналған күн болды.

Шараға бөлім командирі, офицерлер, мерзімді әскери қызметшілер, жеке құрам, ардагерлер қатысты. 

Бөлім командирі өз сөзінде әскери бөлімнің өткен жолына тоқталып, қызметте ерекше көзге түскен сарбаздар мен офицерлерге алғыс білдірді. Қызметімен үлгі болған әскери қызметкерлерге марапаттар, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Соңы мерекелік концертпен үйлесіп, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Бұл күн – бөлімнің ұжымдық рухын арттырып, сарбаздар мен офицерлерге жаңа серпін берді.

5547 әскери бөлімі – тек жауынгерлік дайындықтың ғана емес, сонымен қатар патриоттық тәрбие мен ерлік мектебі. Оның 16 жылдық тарихы – елге адал қызмет етудің, бірлік пен тәртіптің жарқын үлгісі.

Тұрсынай Шәрін,
5547 әскери бөлімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!