Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. 2021 жылдан бастап тарифтерді көтеру ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұрын тарифтер 2020 жылдан 2025 жылға дейін бірдей болатын. Ұсынылған кестеге сәйкес тарифтерді келесідей көтеру ұсынылады:

«Электр энергиясының өзгерген шекті тарифтерін енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады», – делінген бұйрық жобасында.

Түсіндірілгендей, энергия өндіруші ұйымдар шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:

– жаңартылатын энергия көздеріне жыл сайын өсіп отыратын сыйлықақы;

– валюта бағамының өзгеруіне байланысты импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың өсуі (қазандық пен турбина, айдау, күл жинау жабдықтары және т.б.);

– «Богатырь Көмір» ЖШС көмірдің өзіндік құнын көтеруі;

– газ тасымалдау бағасының өсуі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!