Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда міндетті әскери қызметке шақырылғандар саны артты. Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазақстан Республикасы президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 443 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы «Белгіленген мерзімді өтеген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа ауыстыру туралы және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2024 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 96 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Енді мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы мерзімді әскери қызметшілер саны 40 202 адамға дейін ұлғайтылды.
Бұған дейін олардың саны 39 180 адамды құраған.
Қаулыға 26 қыркүйекте қол қойылып, «Әділет» ҚАЖ-де жарияланды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!