Фото: Adobe Stock

Қазақстанда блогерлер қандай тәртіппен салық төлейтіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті арнайы салық режимдері басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейтін блогерлерге салық салу қалай жүргізілетінін айтып берді.

Оның айтуынша, интернет-платформаларда жұмыспен қамту аясында жеке тұлғалар 33 қызмет түрін атқара алады. Алайда әлеуметтік кодексте белгіленген интернет-платформа ұғымында әлеуметтік желілер жоқ, сондықтан блогерлер қазір мемлекеттік кірістер комитетінің құзырында емес.

«Бұл Яндекс, Glovo және Wolt сияқты интернет-платформаларды қамтиды, бұл жерде кіріс интернет-платформаның өзінде емес, жарнама берушілерден келеді. Қазір бұл мәселе де реттеліп, блогерлерге сараптама жасалып, халықаралық тәжірибелер де зерттелуде», – деді Ерқанат Шынберген.

Оның айтуынша, Қазақстанда блогерлердің барлығы дерлік жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

«Тағы бір мәселе – олар өз кірістерін толық көрсете ме? Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Барлығында тіркеу бар, өйткені олар тіркелуге міндетті. Бірақ, бұл интернет-платформалар сияқты бөлек сегмент емес, жалпы бизнес ретінде жүреді. Бұл бөлек реттелмеген, «онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң бар, онда салық туралы емес, тек қызмет туралы айтылады», – деді министрлік өкілі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!