Фото: adyrna.kz

Қазақстанда блогерлердің жарнама арқылы алған тауарлары мен қызметтері де табыс болып саналады және олардан салық төлеу міндеттеледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Дина Құсайынованың айтуынша, ақшасыз жасалған бартерлік келісімдер де табыс көзі ретінде қарастырылады.

“Мысалы, блогер Instagram-да кафені жарнамалап, оның орнына кешкі ас ішеді. Бұл жағдайда сол кешкі ас блогердің табысы болып саналады, және ол осы табыстан жеке табыс салығын төлеуі тиіс. Мемлекеттік бюджетке салық төленсін,” – деді ол.

Оннан аса блогер қосымша 1,4 миллиард теңге табысын мойындап, салық төлеген.

Мемлекеттік кірістер комитеті белгілі блогердің 1,2 миллиард теңге табыс тапқанын анықтап, оның салық есебін тексеруге кірісті.

Бұған дейін комитет қазақстандық блогерлерге жалпы құны 53 миллиард теңге салық төлеу туралы хабарлама жіберген.

Бұл шешімнен кейін салық төлемеген блогерлер мен кәсіпкерлердің тізімі әлеуметтік желіде тарала бастады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!