Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күрт суық болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, Скандинавия аймақтарынан суық антициклонның шығуы Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, күндіз 10-20 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.

Сонымен бірге, еліміздің оңтүстігінде синоптиктердің айтуынша «биік таулы жотаның және Түркіменстаннан жылы ауа массаларының келуіне байланысты құрғақ және ыстық ауа-райы сақталады».

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус болады.

Алматыда жаңбыр жауады. Таулы жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің Батысында жел екпіні секундына 25 метрге жетіп, найзағай ойнайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!