12 қаңтарда Қазақстанда екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Бірінші жер сілкінісі 12 қаңтарда сағат 19:21-де Алматы қаласынан солтүстік шығыста 292 шақырымда тіркелді. Жаркентте 3-4 балдық жер дүмпуі сезілді. Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығыста 302 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер дүмпуі сағат 20:39-да тіркелді. Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілмеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!