Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, мектеп күзетшілеріне жаңа ереже енгізілді. Енді бұл қызметке тек 25 пен 50 жас аралығындағы, арнайы даярлығы бар және сотталмаған азаматтар ғана қабылданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, мектеп күзетшілеріне қатысты жаңа ереже енгізілді. Енді мектептерде жұмыс істейтін күзетшілердің жасы 25 пен 50 жас аралығында болуға тиіс.
Жаңа талаптарға сәйкес, күзет қызметкерлері арнайы даярлықтан өтіп, олардың дене дайындығы да тексеріледі. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған немесе бұрын сотталған азаматтар мектептерде күзетші болып жұмыс істей алмайды.
Бұған дейін көптеген мектептерде күзет қызметін көбіне зейнеткерлер атқарып келгені белгілі. Алайда жаңа талап күшіне енгеннен кейін кейбір білім беру ұйымдары уақытша күзетшісіз қалған. Себебі наурыз айынан бастап жасы 50-ден асқан қызметкерлер жұмыстан босатылған.
Қазір мектептерде жаңа талаптарға сәйкес келетін күзетшілерді жұмысқа қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
