Фото: depositphotos.com
Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру өзгереді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Руслан Әбдіқалықов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ-да өткен брифингте сөйлеген сөзінде Әбдіқалықов ведомство файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесін қарастыруға ниетті екенін айтты.
«Сіздер білесіздер, биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып келеді, яғни бұлтты ЭЦҚ. Сондай-ақ, таңбалауыштар, бөлінбейтін тасымалдағыштар өте сенімді, олардан ЭЦҚ-ны алу мүмкін емес. Бұл ретте цифрландыру кезеңінде біздің елімізде барлық азаматты жаппай қамтуға және оларды цифрлық электрондық қолтаңбалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең қарапайым әдіс файлдық тасымалдағыштарда ЭЦҚ беру болды. Тиісінше, файлдық тасымалдағыштарда ЭЦҚ беру рәсімін тоқтатқымыз келеді», – деп түсіндірді комитет төрағасы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!