Фото: ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сарапшылар 2024 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 83 мың адамды құрағанын мәлімдеді. Олардың орташа жасы – 39-40 жыл, жұмыс өтілі – 10-12 жыл.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі тұрақты және 55,5% құрайды, оның 39,2% басшылық лауазымдарда.

Жастардың үлесі 2018 жылғы 24,6%-дан 2022 жылы 17,8% дейін төмендеді.

Сондай-ақ институтта мемлекеттік қызметшілердің 68% некеде тұрғанын айтты.

Олардың ішінде:

  • 42% – 35 жасқа дейінгі жастар.
  • 30,5% — орта жастағы адамдар (36-45 жас).
  • 27,3% – егде жастағы адамдар (46-63 жас).

Мемлекеттік қызметшілер отбасыларының 64% – дан астамының балалары бар, олардың 14% – ы көп балалы ата-аналар.

Еске сала кетейік, 23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтіледі. Тоқаев құттықтауын әлеуметтік желілерде жариялады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!