Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында мәдениет және ақпарат министріне миллиондаған теңге табыс тауып жүрген қазақстандық блогерлердің табысының заңдылығы тексеріле ме деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

«Егер олардың бизнесі (кірісі – ред. ескертпесі) жарнамадан алынса, онда бұл интернет-платформалар туралы заңмен реттеледі, ол жарнаманы таңбалауды болжайды – тиісінше, олар біздің органдардың есебінде.

Біз сондай-ақ қаржы пирамидаларын құруға қатысты бірқатар проблема көріп отырмыз, сондықтан біздің азаматтарға қауіп төндіретін барлық нәрселер де біздің тиісті органдардың бақылауында, олар реттейді және бақылайды. Сондықтан мұнда қазірдің өзінде белсенді күрес жүріп жатыр», – деп түсіндірді Аида Балаева.

Айта кетейік, биылғы жазда Қаржы министрлігі еліміздегі 162 блогердің кірісі мен шығысында 1,1 миллиард теңгеден астам сомаға сәйкессіздік болғанын хабарлаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!