Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда оң рөлді көліктерді әкелуге тыйым салу туралы жоба дайындады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұйрық жобасында Қазақстанға 6 ай мерзімге оң рөлді көліктерді әкелуге тыйым салу көзделген. Тыйымның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп жасауын жүктеуді жоспарлап отыр.

Жоба 13 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Айта кетейік, 2007 жылдан бастап Қазақстанда оң рөлді автокөліктерді тіркеуге тыйым салынған, бірақ оларды пайдалануға рұқсат.

2022 жылы желтоқсанда 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін шекарадан өткен шетелдік оң рөлді автомобильдерді қазақстандық есепке қоюға болатыны белгілі болды. Шетелдік автокөліктерд түркеу рәсімі биыл 1 шілдеге дейін созылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!