Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы уақытта қай салада жұмысшыларға сұраныс жоғары екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шілдеде мына мамандықтар ең көп сұранысқа ие болды:
- Автокөлік жүргізушілері (2 мың бос жұмыс орны және 2,3 мың түйіндеме);
- Тәрбиешілер (2,1 мың түйіндеме және 1,9 мың бос орын);
- Медбикелер (2 мың түйіндеме және 1,6 мың бос орын).
Бір айда мына мамандықтарға сұраныс айтарлықтай өсті:
- Тігінші – 600 бос орын,
- Математика мұғалімі – 320 бос орын
- Тәрбиешінің көмекшісі – 300 бос орын.
Шілдеде жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға берген. Олар орта есеппен айына 731 мың теңгеден алды, ал бас агрономдарға 576 мың теңге және актуарийлерге 532 мың теңгеден бастап ақы ұсынды.
Кеме капитанына орта есеппен 1,7 миллион теңгеден, МРТ дәрігеріне 1 миллион. теңге және коммерциялық кәсіпорындардың IT бөлімшелерінің басшылары 992 мың теңге жалақы күткен.
Электрондық еңбек биржасының мәліметтері бойынша өткен аймен салыстырғанда жарияланған бос жұмыс орындарының саны 11% (10 мың орын), түйіндемелердің саны 49% (43,6 мың) артты. Сонымен қатар орташа білікті жұмысшыларға сұраныс артқан
«Негізгі бос жұмыс орындарының жартысы, яғни 51,9 мың орын білім, денсаулық сақтау және басқа да қызмет түрлері салаларындағы кәсіпорындарда байқалды. Өткен аймен салыстырғанда орташа білікті жұмысшыларға сұраныс 14% өсті, 6,1 мың бос жұмыс орны пайда болды», – делінген еңбек министрлігінің хабарламасында.
Жұмыс берушілер белсенділігінің динамикасы аймақтар бойынша әртүрлі. Мәселен, төрт облыста бос орын азайып, сұраныс азайған:
- Жамбыл облысында – 43% (2,9 мың орын қысқарды),
- Алматы облысында – 27% (1,6 мың орын қысқарды),
- Маңғыстау облысында – 1% (20 орын қысқарды),
- Шымкентте – 9% (331орын қысқарды).
Ал үш аймақта сұраныс артқан:
- Қарағанды облысы (19% немесе 1,9 мың бос жұмыс орны),
- Алматы қаласы (15% немесе 1,5 мың бос орын),
- Павлодар облысы (14% немесе 1,4 мың бос жұмыс орны).
«Шілдеде электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де белсенділік танытты. Әсіресе білім беру және денсаулық сақтау салаларында орташа білікті жұмысшыларға сұраныстың артуы еңбек нарығындағы сұраныстың өзгергенін көрсетеді», – деп түйіндеді еңбек министрлігі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!