Павлодар облысында қаңғыбас жануарларға арналған мемлекеттік баспаналар салынады, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бар, бірақ норматив жоқ.

«Облыстың үш қаласында қаңғыбас жануарларға арналған мемлекеттік баспаналар салу үшін орындар таңдалды. Мердігер де анықталды – олар әр қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері. Бірақ Экология министрлігінің қаңғыбас жануарларды ұстау мен азықтандыру нормативін бермеуіне байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кешіктірілуде», – деді Мейрам Өтешов.
Спикердің сөзінше, Экология министрлігі тіпті, үйсіз жануарларды есепке алудың мәліметтер базасын жасамаған.

«Жануарларды зарарсыздандыру, чиптеу және мәліметтер базасына енгізу жоспарланғанымен, Экология министрлігі бұралқы жануарларды тіркеу базасын әлі де жасамады. Министрлік жыл соңына дейін баспаналарды жобалау нормативтерін береді деп үміттенеміз. Егер бермесе, онда біз типтік жобаны пайдалана береміз. Себебі заң талаптары бар және олар орындалуы керек», – деді Мейрам Өтешов.
Әкім орынбасары атап өткендей, нормативтердің болмауы жобалау мен құрылысқа бюджеттен қаржы бөлуге кедергі болып отыр. Егер қаржы қазір нормативсіз бөлетін болса, тексеру органдары қаражат тиімсіз пайдаланылғанына нұсқауы мүмкін.

Мәлім етілгендей, нормативтер болмаса, мемлекеттік баспаналар салынбайды. Жаңа заң бойынша жануарларды атуға болмайды, оларды баспаналарға орналастыру керек. Яғни, бұл жағдайда жеке меншік баспаналарға орналастыруға тура келеді. Алайда, заң бойынша жануарларды жеке баспаналарда күтіп-бағуға бюджеттен ақша бөлуге болмайды.

Жергілікті билік демеушілердің көмегімен ауланған жануарларға уақытша баспана ұйымдастырып, аумаққа қоршаулар орнатқан. Наурыз айынан бері облыс орталығында 66 қаңғыбас ит ауланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!