Sputnik. Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазақстан аумағында 14 130 шетел азаматы еңбек етеді. Министрліктің мәліметінше, барлығының ресми органдардан алған рұқсаты бар. Олар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары – 549 адам,
  • бөлімшелердің басшылары – 2 258 адам,
  • мамандар мен білікті жұмысшылар – 3 786 және 904 адам.
  • маусымдық жұмысшылар – 2 889 адам,
  • корпоративтік ауыстыру аясында 3 744 адам жұмыс істейді.

Шетелдіктердің көпшілігі құрылыста нәпақасын тауып жүр. Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

1.Қытай – 5 120 адам,

2.Өзбекстан – 2 478 адам,

3.Түркия – 1 042 адам,

4.Үндістан – 1 031 адам.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!