Фото: rezonans_almaty_kz
Қазақстанда “Сыпайы адамдар” белгісі жабыстырылған көлік пайда болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде суреттер жариялануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Желіде жарияланған суретте Қазақстан нөміріне тіркелген Chevrolet автокөлігінің артына “Сыпайы адамдар” белгісі жабыстырылған.
Желі қолданушысы бұл көлікті Алматы көшелерінде көргенін айтады.
«Қалдаяқов көшесінің бойында Бөгенбай батыр көшесіне жетпей бір аялдама артына көлік тоқтап қалды. Мәселе мынада, мұндай жапсырмаларды көліктерге жапсыруға бола ма? Егер иә немесе тыйым салынбаған болса, онда ұқсас жергілікті стикерлерді шығару және тарату туралы көптеген идея бар. Олай болмаса, осы көлік иесінің жауапқа тартылуын сұраймын.
Мұндай жапсырмалар Ресейде Дон және Луганск облыстарын басып алғаннан кейін жапсыра бастады.
«Сыпайы адамдар» деп Украина территориясын аннексиялау үшін соғыс қимылдарына қатысқан жауынгерлерді айтамыз. Яғни, тура мағынасында олар басқа мемлекеттің басып алғаны туралы ашық айтуға итермелейді. Халық бұл адамдарды сепаратизм сөзінен шыққагн «сепарня» сөзімен атайды. Айтыңызшы, бұл жерде экстремизмнің белгілері бар ма, жоқ па?” деп жазды желі қолданушысы.
Айта кетейік, «Сыпайы адамдар» 2014 жылы наурызда Қырымда болған «Қырым көктемі» деп аталатын оқиғалардан кейін қолданысқа енген тұрақты сөз тіркесі. Бұл термин осы уақытта аймақта белсенді жұмыс істейтін таңбаланбаған формадағы әскери қызметкерлерге қатысты болды.
Олардың киімінде ешқандай ерекше белгілер болмаған, сол себепті оларға «жасыл адамдар» және «олар ол жақта жоқ» терминдері қолданылды, бірақ «сыпайы адамдар» тіркесі пропагандашылар арасында да, халық арасына да сіңіп кетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!