фото: ашық дерекөзден

Қазақстанда темекі, папирос, сигарилла, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын өсіру жоспарланып отыр. Қаржы министрлігі бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатта көрсетілгендей, өзгерістің басты мақсаты — темекі тұтыну деңгейін төмендету және табак өнімдеріне қатысты тиімді салықтық-бағалық саясат жүргізу. Бұйрық жобасы 2025 жылғы 19 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Ұсынылып отырған түзетулер Қазақстандағы темекі шегудің таралуын азайтып, халық денсаулығын қорғауға бағытталған, — делінген түсіндірме жазбада.

Айта кетейік, биылғы 1 қаңтардан бастап елімізде темекінің ең төменгі бағасы 870 теңге болып бекітілген. Бұған дейін, 2024 жылы, ең төменгі шекті баға екі рет өзгерген болатын:
– Қаңтар айында – 770 теңге,
– 15 шілдеден бастап – 820 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!