Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері әйелдері диалогының халықаралық конференциясында тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Қазақстанда жасалып жатқан бастамалар туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kpravda.ru
Қошанов өз сөзінде, Қазақстан адам құқықтары, әйелдер және гендерлік теңдік туралы халықаралық конвенцияларды ратификациялағанын атап өтті. Сондай-ақ «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Қылмыстың алдын алу туралы» заңдар қабылданғанын жеткізді.
Депутат бұған дейін істі қозғау үшін жәбірленушінің өз арызы қажет болса, бүгінде құқық қорғау органдарына тек куәгерлердің немесе көршілерінің «дабылы» қажет екенін баса айтты.
«Қазақстанда соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес аясында жазалау шаралары қатайтылып келеді. Ең алдымен, біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандыруды жоспарлап отырмыз. Заң қабылданса, денсаулыққа орта және ауыр қылмыс істегендерді бас бостандығынан айыру ғана көзделеді. Бостандығын шектеу жазалуы толық алынып тасталады. Бұл жерде бізге Өзбекстанның тәжірибесі маңызды. Биыл Өзбекстан тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандырды. Сондай-ақ харассмент мәселесін енгізу де көзделіп отыр. Бұл тақырыпты соңғы кезде депутаттар белсенді түрде көтеріп, депутаттық сауалдарында айтып жүр. Қазір әйелдер «сталкингке», белсенді бақылауға ұшырап жүр. Бұл әрекет үшін көп елде қылмыстық жазалау көзделген. Біздің елдерге де осындай әрекет үшін жазаны күшейтуді қарастыруатын уақыт келді», – деді Қошанов.
Сонымен қатар, депутат «қудалау» ұғымын енгізу жоспарда бар екенін айтты.
«Соңғы уақытта бұл тақырып депутаттық сауалдарда белсенді көтерілуде. Біздің елге мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейту туралы ойланатын кез келді», – деді Мәжіліс төрағасы.
Қошанов Қазақстанда әлі де тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзімділіктің жоғары деңгейде екенін мойындады. Социологиялық зерттеулерге сілтеме жасай отырып, ол зорлық-зомбылық құрбандарының татуласуға ұмтылуының немесе өз мәлімдемесінен бас тартуының себептерін атап өтті:
- олар туыстары мен достарының айыптауынан қорқады;
- агрессордан қорқады;
- жазалау шараларын жеткіліксіз тиімді деп санайды.
«Соңғы екі жылда елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін инспекторлар саны екі есеге өсті. Кейде әйелді тек әйел ғана түсіне алады. Сондықтан біз зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеуде әйел тергеушілерді мамандандыруды енгіздік», – деді ол.
Қошанов Қазақстанда алғаш рет пилоттық режимде полиция бөлімшесі құрылғанын, онда тек әйелдер жұмыс істейтінін атап өтті.
«Таяу болашақта бұл тәжірибе бүкіл ел бойынша таралатын болады», – деп қорытындылады Қошанов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!