Қазақстанда 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан көзі тірі120 ардагер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Тыл еңбеккерлерінің саны 41 594.

«Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне орай 120 ҰОС ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада.

Ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары да көрсетіледі. Олардың барлығы әскери қызметшілерге көрсетілетін құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, оларға Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!