Фото: Pixabay

Қазақстанда рейстер неліктен кешігеді. Бұл туралы бүгін Үкіметте жиынында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соңғы үш жылда әуе жолаушыларының саны 20%-ға артқан. Сәйкесінше әуежай инфрақұрылымын соған лайықтап даярлау қажет. Қазір елдің 6 әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қыркүйек айының соңында аяқталмақ.

«Инфрақұрылымды дайындау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жаз мезгілінде жүргізіледі. Өкінішке қарай, маусым қысқа. Бұның бәрі ұшақтардың ұшуына, кешігуіне әсер етеді», – деді Қарабаев.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы 20 жыл жөнделмеген. Кешкі 22:00-ден таңғы 06:00 дейін ұшу-қону жолағы жабылады. Сондықтан әуежайға күндіз жүктеме артады. Одан бөлек ауа-райы да рейстердің кешігуіне әсер етеді.

«Әуежайлардың жауапкершілігі заңда қарастырылмаған. Қазір рейстердің кешіккені үшін әуе компаниясына айыппұл салынса, енді жаңа механизм бойынша олардың бірінші басшыларына айыппұл салынатын болады», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!