Фото: aikyn.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде базалық зейнетақы мөлшерін ұлғайтуды жоспарлап отырғандарын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін 54-тен ұлғайту жоспарлануда. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы – 100-ден 120 пайызға дейін өседі.

“2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 %-ын немесе 28 215 теңгені, ал ең жоғарғысы – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 %-ын немесе 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 578 теңгені құрады. Ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (2024 жылы 203 060 теңге)

Ұсынылып отырған шаралар зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлесін ұлғайтуға және оның мөлшерін 2025 жылға қарай орта есеппен 27 %-ға арттыруға мүмкіндік береді”, – деп хабарлады ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!