Елімізде бөлшек саудада сатылатын мұнай өнімдерінің тізімі мен шекті бағалары бекітілді деп хабарлады turkystan.kz.

2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрық күшіне енді.

Ведомствоның мәліметінше, импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағасымен және валюта бағамымен байланысты.

«Бұйрыққа сәйкес дизель отынына шекті бағалар өзгермейді және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалады. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында баға литріне 260 теңгені құрайды. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 230 теңге», – деді Энергетика министрлігі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!