Фото: freepik
Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен жаңа редакцияда Кәсіби мерекелердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізімге қосылды:
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
- Ветеринарлар күні – 10 шілде;
- Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!