Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1703 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға көп. Бұл туралы DATA HUB мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш 2019 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен.
Статистика динамикасы
- 2015-2019 жылдары – 2 мыңнан астам жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
- 2020-2024 жылдары – көрсеткіш 1,5 мыңнан аспаған.
- 2022 жылдан бастап қайта өсу байқалып, 2025 жылы күрт артқан.
Қандай қылмыстар жиіледі?
Сарапшылардың дерегінше, құқықбұзушылықтардың көбі мына баптар бойынша тіркелген:
- Бұзақылық – 216 жасөспірім (2024 жыл – 94 жағдай, 2 еседен асып түсті);
- Денсаулыққа әдейі жеңіл зиян келтіру;
- Ұрып-соғу;
- Тонау.
Ең жиі жасалатын қылмыс
Жасөспірімдер арасында ең көп таралған құқықбұзушылық – ұрлық. Биыл осы бап бойынша 499 жасөспірім жауапқа тартылды, олардың көбі 16-17 жаста.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!