Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері су саласындағы 7000-ға жуық жұмысшының еңбекақысы өсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі тиісті министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қаңтардан бастап еңбекақысы тариф есебінен төленетін «Қазсушар» мамандарының айлығы орта есеппен 25 пайызға көтерілген. Ал 1 мамырдан бастап еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін бірқатар маманның айлығы 25 пайызға ұлғайған.

«Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту бағытындағы жұмыс одан әрі жалғасады. Бұл бір күндік іс-шара емес және су шаруашылығы мамандықтарына қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды»,- деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

9 шілдеде елімізде су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!