2025 жылдың 10 шілдесінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли алимент берешегін өндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Әділет министрлігінің мәліметі бойынша
«13 мың атқарушылық өндірістегі қарыз 18,5 млрд теңгені құрайды. Барлық жағдайда дерлік алимент ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтериялары арқылы өндіріледі. Банк шоттарына, мүлкіне тыйым салу және елден шығуға уақытша шектеу қою сияқты шаралар қолданылуда. Бұл ретте әділет жүйесі мен әкімдіктердің күшімен борышкерлер белсенді жұмысқа тартылуда», – деді Талғат Уәли.
Бұған дейін қазақстандықтың екі елде тұрып, алимент төлемеу үшін жеке басын өзгерткені хабарланған болатын. Ер адам Ресей Федерациясының аумағында болған кезде тегі мен әкесінің атын өзгерткен, содан кейін ол азаматтығын және Ресей төлқұжатын алған, бірақ полиция оны анықтады.
2025 жылдың 21 сәуірінде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құру не әкелетінін түсіндірді. Бұл ұсынысты депутаттар әлденеше рет айтты. Осы арқылы ата-анасы алимент төлеуді кешіктірген балалардың құқығын қорғауға болады дейді мәжілісмендер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!