Қазақстанда 6,7 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтіреді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Тек тамызда елімізде шамамен 160 мың көлік тіркелген. Олар ІІМ-нің ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Олардың басым көпшілігі – жеңіл автокөліктер. Сондай-ақ 9,7 мың жүк көлігі, 1,5 мың автобус және 3,5 мыңнан астам мотоцикл тіркелген.

Қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде 6,7 миллионнан астам көлік бар. Жеңіл көліктердің негізгі бөлігі ескі жылдардағы: 41,5 пайызы – 20 жылдан астам уақыт пайдаланылғандар, 24 пайызы – 10-20 жыл, 10 пайызы – 7-10 жыл, 17 пайызы – 3-7 жыл және тек 6,8 пайызы ғана үш жылға жетпеген жаңа автокөліктер.

Еске салайық, Қазақстанда шыққанына 7 жылдан асқан автокөліктерді әкелуге тыйым салу уақытша тоқтатылған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!