Фото: Kazinform
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы айтылды деп хабарлайды KAZINFORM ақпарат агенттігі.
«Бүгінде министрлік «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы аясында ғалымдардың әлеуметтік деңгейін арттыруға ықпал ететін шараларды қабылдауда. Соның бірі – жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жыл сайын гранттар, оның ішінде жас ғалымдарға арналған гранттар бөлу», – делінген Kazinform агенттігінің Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолдаған сауал жауабында.
Сонымен қатар, министрлік пен «Отбасы банк» АҚ арасындағы 2023-2027 жылдарға арналған жас ғалымдарға арналған кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 80 жас ғалым баспана алған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!