Фото: BAZA PODCAST

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов үш әйел алуды көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол BAZA PODCAST-қа берген сұхбатында алға тартты. 

Қазір екі әйелім бар, жақында үшіншісі болады деп ойлаймын. Арыстан көп, бірақ арыстанның барлығы бірдей үйірді асырай алмайды. Қалай бар, солай айтайын, мен әйелдерді жақсы көремін. Әйелдерді жақсы көрсең, онда үйлен, егер бір әйелді жақсы өкрсең, онда сол бір әйеліңмен ғана өмір сүр, – деді ол.

Спортшы өзінің ата-бабасының дәстүрімен келе жатқанын да алға тартты.

Сіздерді білмеймін, бірақ менің ата-бабамда көп әйел алғандар болды. Көп әйел алу біздің мәдениетті кездеседі. Біреулер екі әйел алған қандай күшті деп қызығуы мүмкін, бірақ оның өз қиындықтары, жауапкершілігі бар екенін ұмытпау керек, – деді Жұмағұлов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!