Жол апаты 12 қарашада Ұзынағаш – Күрті тасжолында болған.

Фото: Egov.press

Алматы облысы Жамбыл ауданында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 қарашада Ұзынағаш – Күрті тасжолында болған.

«Mercedes көлігінің 20 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes көлігінің 2002 және 2003 жылдары туған екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 15 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Жамбыл аудандық ауруханасына жатқызылды», – делінген хабарламада.

Аталған факті аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркеліп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы тексеріліп, тиісті тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде жол апатына ұшыраған көлік «Саяхатшы Диас» деген атпен танымал TikTok блогерге тиесілі деген ақпарат тарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!