Фото: freepik.com
Павлодарда сұлы жармасын сөреде көрсетілген бағадан қымбатқа сатып алған тұрғын супермаркет желісінің үстінен шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, тұрғын тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған.
Деректерге сай, қаланың ірі сауда желілерінің бірінде сөреде сұлы жармасының бағасы 195 теңге деп көрсетілген. Алайда ер адам кассада 405 теңге төлеген. Осылайша, тауар 210 теңгеге қымбатқа сатылған.
Азаматтың өтініші негізінде департамент мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде сауда желісіне 100 АЕК (2024 жылы 369 200 теңге) айыппұл салынды. Сонымен қатар, департамент құқық бұзушылықты жою туралы бұйрық шығарды.
«Осы жағдайды ескере отырып, “Сауда қызметін реттеу туралы» заңның 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті. Ал тұтынушы тауарды сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарында қойылған баға жапсырмасында көрсетілген құнға сәйкес сатып алуға құқылы екенін түсіндіреміз», – деді Павлодар облысы бойынша сауда департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!