Фото: Stan.kz

Stan.kz. Кәсіпорын 2022 жылы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды. 

“Осы кезеңдегі барлық эмиссия – атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығындысы (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.) мен 395 мың тонна кәдеге жаратылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен асып кеткен, яғни заңсыз деп танылды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының прокуратурасы.

Табиғат қорғау прокуратурасы кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені үшін 2,9 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салды. Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!