Қазақстандықтар мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ өздері қалаған сан мен әріптен құралған мемлекеттік тіркеу нөміріне онлайн тапсырыс бере алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қызмет eGov электронды порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.
Қалаған нөмірді онлайн сатып алу үшін не істеу керек:
- egov.kz порталына кіріп, авторизация жасаңыз;
- «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен «Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алуға тапсырыс беру» қызметін таңдаңыз;
- өзіңіз қалаған сандар мен әріптерді жазып, «іздеу» батырмасын басыңыз.
Сіз таңдаған көлік нөмірі бос болса, оның бағасы бірден шығады. Төлем жасағаннан кейін өтінімге онлайн қол қоясыз.
Ең қарапайым нөмірлер 10 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 43 250 теңгеден басталады. Ал VIP-нөмірлер бір миллион теңгенің шамасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
