Қазақстанда автобустардың үстіне «Сергек” камералары орнатылып жатыр. Мұнда жаңашылдықты қарағадылық жүргізушілер байқап қалып, желіде бөліскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dorogi_karagandy парақшасынан алынды

Sergek Group компаниясы камералардың орнатылғанын растады. Олар бұл жаңашылдық сынақтан өтіп жатқанын айтты.

«Сергек патруль» – жасанды интеллекті бар аппараттық-бағдарламалық кешен. Патрульдік көлікке де, кез келген қоғамдық көлікке де орнатуға болады. Мысалы, Қарағандыдағы пилоттық режимде құрылғы маршруттық автобуста қолданылып жатыр. Ол жылдамдықты асырғандарды тіркеп, серверге жібереді», – деп хабарлады компания.

Әзірге жаңа камераларға түсіп қалған жүргізушілер айыппұл төлемейді. Қарағандылықтарға жүйе пилоттық жүйе бойынша жұмыс жасағандақтан, әзірге айыппұл қарастырылмағанын айтты.

«Бірақ құрылғы көптеген бұзушылықтардың алдн алуға мүмкіндік береді. Ол жылдамдықты арттырғандардан басқа, автобус жолағында жүрген, тұрақ ережелерін бұзған жүргізушілерді де тіркейді. Сергек патруль компьютерлік көру алгоритмдерін пайдалана отырып, көлік қозғалысын автоматты түрде таниды. Нөмірі бойынша оны деректер базасымен тексереді және деректерді полиция қызметкерлеріне береді.

Сондай-ақ, мәліметтер базасының интеграциясы арқасында құрылғы ұрланған немесе іздеуде жүрген, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет ескерту алған, жүргізушісі жүргізу құқыңынан айырылған көліктерді анықтау үшін де қолданылмақ”, – деп мәлімдеді компания өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!