Фото: ТРТ
DATA HUB деректеріне сәйкес, жазда Түркия жағажайларында демалу бағасы айтарлықтай өсті, – деп жазады Aikyn.kz.
Маусымның қорытындысы бойынша, олар жылдық мәнде – 28,5 пайызға, шілдеде – 35,5 пайызға, тамызда 39,3 пайызға көтерілді. Мұндай қымбатшылық қазақстандықтарды тоқтатпаған.
Жуырда Түркияның мәдениет және туризм министрлігі елге келген шетелдіктер туралы жаңа статистика жариялады. Маусым-тамыз аралығында Қазақстан Республикасының азаматтары Түркияға 440,4 мың рет кірген.
Қазіргі нәтиже былтырғыдан тек 7 пайызға көп емес, сонымен қатар 2014 жылдан бергі жаз айлары үшін ең жоғары нәтиже болды.
«Бұл – елге кіру статистикасы. Сондықтан қазақстандықтар Түркияда қанша уақыт болғаны және не үшін барғаны белгісіз. Бірақ 2022 және 2023 жылдардағы мәліметтер негізінде ең танымал бағыт Анталия екенін болжай аламыз», – деп жазылған мәліметте.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!