Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу саясатын жетілдіру жөніндегі консультативтік құжаттың жобасын жариялады.
Аталмыш құжатта елдегі ломбард кеңселерінің халық мойнындағы қарыз мөлшерін көбейтудегі рөлі туралы мәлімет берілген.
– Ломбардтардың қызметі азаматтарға жеке пайдалануға арналған мүлікті кепілге қою арқылы жеке тұтыну үшін 8 000 АЕК-ке (29,5 млн теңге) дейінгі мөлшерде қысқа мерзімді микрокредиттер беру болып отыр. Сонымен қатар, ломбардтар құрамында бағалы металдар мен тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алады, сақтайды және сатады. 01.10.24ж. жағдай бойынша ломбардтардың несие портфелі 0,2 трлн теңге, – деп жазылған консультативтік құжатта.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!