фото: egov.kz

2025 жылдың маусым айында қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндеріне қосымша бір күн қосымша демалыс алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаздың алғашқы айында мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі — Құрбан айт аталып өтеді. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, жұма күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 

  • 6 маусым (жұма) – Құрбан айт күні демалыс
  • 7 маусым (сенбі) – демалыс
  • 8 маусым (жексенбі) – демалыс

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 6 маусым – демалыс
  • 7 маусым – жұмыс күні
  • 8 маусым – демалыс

Сонымен қатар, маусым айындағы жалпы демалыс күндері: 1 маусым, 6, 7, 8 маусым, 14, 15 маусым, 21,22 маусым, 28,29 маусым.

Осылайша, 2025 жылдың маусым айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады.

Айта кетсек, бұған дейін биыл Құрбан айт қай күнге түсіп тұрғанын хабарлаған болатынбыз. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!