фото: BAQ.KZ-архив

2025 жылдың қазан айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қосқанда 9 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.

Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:

4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);

11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);

18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);

25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!