Қазақстанда QosLike және «Қалаулым» сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция пайда болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Петицияда жанжал мен басқа да келеңсіз әрекеттерге толы бағдарлама хайп пен рейтингіні арттыру үшін жағымсыз эмоция сыйлайтыны айтылған.
«Бұл бағдарламалар қазақ отбасындағы салауатты қарым-қатынас нормаларына, адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын, игі, жағымды идеялар, мақсат жоқ», – делінген мәтінде.
Петиция авторы мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын айтады. Бұл петицияны 100-ден аса адам қолдап үлгерген. Петиция кеше сағат 17:53-те жарияланған.
Айта кетейік, Qoslike -Қазақстандағы реалити-шоулардың бірі. Онда жұбы жоқтар танысады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!