Фото: zakonguru.com

14 маусымда жарияланған зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция небәрі 6,7 мың қол жинап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ePetition сайтында әйелдердің зейнетке шығу жасын 55 жасқа, ал ерлерді 58 жасқа дейін төмендетуді талап ететін петиция жарияланды.

Өтініште 50 жастан кейін адамның денсаулық жағдайы нашарлап, ауруға және мүгедектікке тап болатыны айтылған. Сондай-ақ петицияда бұл шешім жұмыссыздар мен мүгедектер қатарын азайтып, бос орындарға жастар келетіні айтылған.

“Қазақстан ресурстарға бай және дұрыс басқару арқылы бүкіл халықты лайықты өмірмен қамтамасыз етуге болады. Қазақстандағы зейнеткерлік жас (ерлер мен әйелдер үшін 63 жас) Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейге қарағанда айтарлықтай жоғары”, – делінген петицияда.

Ал Еңбек министрлігі петицияны қарау үшін 50 мың қол жиналу керек. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!