Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мамыр айында қазақстандықтар бір ай бұрынғыдан ипотекалық несиені 16 пайызға аз рәсімдеді. Автонесиеге сұраныс та 10 пайызға төмендеді. Мұндай құбылыс несиелеудің басқа салаларында да байқалады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеу нарығы салқындауда, Data Hub Telegram-арнасының сарапшылары атап өткендей, ағымдағы жылдың мамыр айында қарыздарға сұраныстың төмендеуі байқалады.

Осылайша, бір айда Қазақстанда 8,5 мың ипотека берілді – бұл алдыңғы аймен салыстырғанда бірден 16 пайызға аз. Несиелердің жалпы сомасы 129,4 млрд теңге болды, бұл 14 пайызға аз. Барлығы 1 маусымдағы жағдай бойынша 558 мың қазақстандық ипотека алды – олардың жалпы қарызы шамамен 6 трлн теңге болды.

Автокөлік несиелері саласында да осындай жағдай байқалады. Мамыр айында несие беру сомасы 7 пайызға, ал қарыздар саны 10 пайызға қысқарды. Санмен көрсетсек, бұл 111,8 млрд теңге және 14,5 мың несие. Бұл – 2023 жылдың наурызы мен ақпанынан бастап минимум көрсеткіш. Айта кету керек, автокөлік несиелеріне сұраныс екінші ай қатарынан төмендеп келеді.

Тұтынушылық кепілсіз несиелерге келетін болсақ, мұнда әртүрлі динамика байқалады. Несиелер саны 4 пайызға азайып, 2,9 млн-ға жетті. Ал эмиссия көлемі 4 пайызға өсіп, 855,5 млрд теңгеге жетті. Орта есеппен әрбір қарыз алушы 290,9 мың теңгеге несие рәсімдесе, берілген несиенің максималды сомасы 98 миллион теңгеге жетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!