Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ресми статистика бойынша биыл алты ай ішінде 3 миллион 431 мың отандасымыз Қазақстанның ішінде саяхаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Туризм министрлігінің мәліметіне сүйенсек, былтыр осы уақытта ішкі туристердің саны 349 мың адамға аз болған екен.

«Осы туристердің 51% Алматы, Астана және Шымкент қалаларын көруге барған. Қазақстанның 14 өңірінде туристер санының өскені байқалды. Бұл –инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы мақсатты жұмысымыздың нәтижесі екенін айта кеткен жөн», – дейді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!