Фото: Арман Мухатов – архив

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов ОКҚ-да өткен брифингте жеке тұлғаларға берілген кредиттер өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экономикаға берілген кредиттер 15,3%-ға ұлғайып, 26,3 трлн теңгені құрады. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 22,4%-ға өсті. Олар негізінен тұтынушылық кредиттердің 25,4%-ға және ипотекалық кредиттердің 11,8%-ға ұлғаюы есебінен өсті, – деді ол.

Қизатовтың сөзінше, бизнеске берілген кредиттер ШОБ кредиттерінің өсуі есебінен 14,9%-ға ұлғайып, 10,4 трлн теңгеге жетті.

Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда банк секторы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бизнес субъектілеріне кредит беруге қолдау көрсету мақсатында агенттік 2020 жылдан бері пруденциялық ынталандыру шараларын іске асырып жатыр. Олардың шеңберінде банктердің капиталы мен өтімділігіне түсетін реттеушілік жүктеме азайтылды, сондай-ақ банктердің кепіл саясатына қойылатын талаптар жеңілдетілді, – дейді ол брифингте.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!