Sputnik.Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2024 жылдың IV тоқсанында жалақының медианалық мәні – 308 717 теңге болса, орташа жалақының мөлшері 434 982 теңгені құрады.
«2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағандағы өсім 10,5%-ды құрады, нақты мәнде 1,8% болды. IV тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты», – делінген ресми хабарламада.
Орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі тіркелген салалар:
ақпарат және байланыс – 32,8%;
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%;
жылжымайтын мүлік операциялары – 20,3%;
Айта кетері, медианалық жалақыны есептеу кезінде тек жұмысшылардың ай сайынғы табысы ескеріледі. Ал жалақының орташа мөлшері қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Соның бәрін кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөліп шығарады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!