Фото: Stan.kz 

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылым ресурстарының шектеулі болуына байланысты елордаға енді басқа қаладан көшуге тыйым салына ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айтуынша, олай тыйым салу мүмкін емес.

«Біз біртұтас мемлекетпіз, сондықтан ондай талаптар қоя алмаймыз, елорданы жаба алмаймыз. Барлық қазақстандықтар келуге құқылы», – деді Қасымбек ОКҚ брифингінде.

Алайда ол Астана көп адам қабылдауға дайын емес екенін айтты

«Шынында да, коммуналдық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым бойынша көші-қон қарқынынан белгілі бір артта қалушылық бар. Сондықтан қазір тиісті шаралар қабылдануда», – деді әкім.

Әкімнің мәліметінше, жыл сайын Астана 60-70 мың адамға өсіп жатыр.

«Әрине, егер өңірлерде жоғары жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының саны көп болса, көші-қон өзгеретіні сөзсіз. Қала 60-70 мың адамға көбейіп жатса, оның 35 мыңы – табиғи өсім.

6-7 жыл бұрын қалада 25 мың бала туса, биыл 33 мыңнан астам бала болды. Енді 35 мыңға дейін күтеміз. Еліміздегі ең жас қалалардың орташа жасы 30-ға жуық», –  деп түйіндеді елорда басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!