Фото:depositphotos.com/vencav
Қазақстанға Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Вечерний Караганда» басылымына сілтеме жасап.
Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына шыдай алатыны атап өтіледі.
«Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін ұрғашы және еркек жолбарыс Нидерландыдан әкелінді. Қазақстанда олар Іле-Балқаш резерватына орналастырылды. Бұл суық ауа райында өмір сүруге бейімделген амур жолбарыстары», – делінген хабарламада.
Еске салайық, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жолбарыстарды жерсіндіру жоспарлары туралы айтқан болатын. Ол биыл қыркүйекте Нидерландыдан екі жолбарысты, келесі жылы Ресейден тағы үш-төрт жолбарысты әкелу жоспарланып отырғанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!