Фото: freepik.com

Қазақстанға 2024 жылы 4,1 млн дана мобильді телефон әкелінген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 14%-ға төмен. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Azattyq Rýhy агенттігінің ресми сауалына жауап ретінде хабарлады.

Смартфон жеткізілімі екінші жыл қатарынан азайып отыр: 2023 жылы елімізге 4,7 млн құрылғы жеткізілген болатын.

Министрліктің мәліметінше, негізгі экспорттаушы елдер – Қытай мен Вьетнам:

  • Қытайдан – 2,4 млн смартфон (жалпы көлемнің 58,5%-ы);
  • Вьетнамнан – 1,3 млн (31,7%);
  • Үндістаннан – 320,9 мың (7,8%).

Осылайша, үш ел Қазақстанның смартфон импортының 98%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр.

2025 жылы да төмендеу үрдісі жалғасуда

2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында Қазақстанға 1,54 млн смартфон импортталған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға төмен (1,76 млн болған).

2025 жылы импорт географиясында да өзгерістер байқалды:

  • Қытайдан – 732 мың смартфон;
  • Вьетнамнан – 732 мың;
  • Үндістаннан – 71,8 мың;
  • Ресейден – 2,5 мың;
  • Оңтүстік Кореядан – 645;
  • басқа елдерден – 500-ден аз смартфон жеткізілген.

Биыл Қытай мен Вьетнам Қазақстанға смартфон жеткізу көлемі бойынша теңесті. 2025 жылдың алғашқы бес айында бұл екі елдің әрқайсысы елге әкелінген смартфондардың 47,5%-ын қамтамасыз еткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!