Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігі

Оның ішінде 660 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

– Көші-қон саласы Ішкі істер министрлігінің қатаң бақылауында. Соңғы жылдары елімізге келетін шетел азаматтарының саны өсіп келеді. Жыл басынан бері 12,3 млн шетел азаматы келді, 11, 2 млн азамат елден шықты. Шетел азаматтарының көбісі Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елдерінен келеді, – деді Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, елімізге келетін шетелдіктердің басым бөлігі туристер немесе Қазақстан арқылы транзитпен өтетіндер.

– Жыл басынан бері 660 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды, Олардың 90 пайызы еңбек ету мақсатында келген. Уақытша тұруға рұқсат алған шетел азаматтары көбіне республикалық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ батыс және оңтүстік өңірлерде тұрып жатыр, – дейді спикер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!