Фото: travelcrimea.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында елімізде биылғы көші-қон жағдайы туралы баяндады, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады. Көші-қонның оң сальдосы 2 жыл бойы сақталып келеді.

«2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,3 мың адамды құрады. Елге 14 мың адам келіп, 7 мың адам көшіп кетті. Елдердің бөлінісі бойынша көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытай Халық Республикасына тиесілі болып отыр. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо қалыптасты, мәселен, елімізге білімді адамдар көбірек келгені байқалады», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Ал ішкі көші-қон бойынша азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!